Сайт нашего 2-го дома Воскресенье, 19.05.2024, 00:42
Приветствую Вас Уважаемый посетитель | RSS
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Модератор форума: Addicted2Towa  
Форум » Искусство » Шығармашылығымыз » Шығармашылық бұрышымыз.
Шығармашылық бұрышымыз.
looseДата: Суббота, 05.07.2008, 22:49 | Сообщение # 1
JKTL "B" 2004-09
Администратор
Сообщения: 105
Статус: Оффлайн
Барлығымызда бір Абай, бір Мағжан аталарымыз секілді жазайық әннің асылын!!!

Мәдина Әбдешованың шығармашылық бұрышы.

Сәлем! Жазып отырғандарымның барлығы Тараз қаласының "Айша Бибі" атындағы қазақ - түрік лицейінің жас түлегі - Мәдина Әбдешованың шығармашылығының кішкене бір бөлігі. Жазуымның басты себебі - бұндай ән жолдарының бүкіл халық тарапынан оқылуы үшін! Қадірменді достарым! Оқыңыздар да, өздеріңіз үшін бұр тұжырым жасаңыздар! Мәдина! Сізге өз атымнан үлкен алғысымды айта тұрып, алдағы шығармаларыңызды асыға күтетінімді айтқым келеді!

Лицейіме
Жүрегімдежылы сөздер ұялайды,
Пәккөңілім бір асылды қия алмайды.
Жыржырлайын алтын ұям мектебіме,
Көмейімелебіздерім сыя алмайды.

Әрбұрышы лицейімнің қымбат маған,
Шәкіртінбілім бесігінде құндақтаған.
Өткенкүндер көңіліме медеу болар
Бауырбасқан достарыммен сыр ақтарған.

Ұстаздарымбілімімен сусындатты,
Тәрбиешілербауырындай бағып,қақты.
Осылайшаойым өсіп,санам асты,
Ақыл-ойдажарқ еткендей арай атты.

Оқуменбастайтынбыз әрбір таңын,
Білімкені шашты ғылым шапағатын.
Әдептілік,мейірімділік,ізгілікті
Сый ғыпберді алтын ұям махаббатын.

Тәрбиеледідарынды қыз балаларын,
Өнер-білімберді ұстаз-даналарым.
Күннұрындай лицейімнің шапағатын
Еңасыл қасиетпен бағаладым.

Жүреккежылы ұжмақ сен мекенімсің,
Алтынұям,білім орда мектебімсің.
Бірлік,достық,ізгілікқасиеттерді
Бесжыл бойы тарту етіп сен бергенсің.

Ертең,міне,қанатқағып біз кетерміз,
Әліде талай шыңға біз жетерміз.
Қызықтыестен кетпес өткен күнді
Естелікпенталай сонда сөз етерміз.

Әкем менен анама
Мамырдыңжаймашуақ асыл,арай таңында
Күнді күтіп отыредім алтын ұям маңында.
Паһ,шіркін-ай!
Артық бұдан болар ма екен сұлулық?
Сезінемінжәннаттың отырғандай бағында.

Атып шықты алтынкүнім құшақ жая қарсы алып,
Жылу берді ыстыққолы мынау мені бас салып,
Сыйға берді алтынкүнім қазына мол шапағатын,
Жер жаһандамейрам етті төгіп салып махаббатын.

Кешір,күнім,артықсенен жерде жүрген екі күн,
Олар маған жылуберед болса дағы қара түн.
Алтын күндер -әкем,анам сыйға тартқан өмірді,
Солар үшін мәңгіарналар мынау менің шырқау үн.

Олар бізгеүйретті оңымыз бен солымызды,
Жетектедімақсаттарға ұстап алып қолымызды.
Өмір-өзенөтпелінде үлгі ізін көрсетті олар,
Шың басынажетелейтін тауып берді жолымызды.

Рахметсізге,Әке,Ана,болғандарың бұл жалғанда,
Күннен артықсіздер бізге,бұдан асқақ арман бар ма?
Тілейміз бізсіздерге бақытты,ұзақ өмірді,
Әрқашандамейірімді,қуанышты көңілді.

Бақытты боп әруақытта жүріңіздер,
Қуаныштанмәз-мейрам боп күліңіздер.
Дендеріңіздіңсаулығы мықты болып,
Еш уайымсыз ұзақөмір сүріңіздер.

Сырға.
Мен бойжетіпқұлағыма сырға тақтым,
Алтын даемес,күміс те емес жайын тақтым.
Айна алып сырғамамен жайлап бақтым,
Жай болса да солсырғамнан бағым таптым.

Қанша уақыттақтың десең сол сырғаны-ай,
Сол сырғақұлағымда көп тұрмады-ай.
Бір нәрсеніңжетіспей-ақ тұрғаны ма ай?
Құлағымдыбасқасына бұрғаным-ай.

Сөйтіп тақтымбасқасын құлағыма,
Содан таптымжауапты сұрағыма.
Сол сырғажарасып-ақ тұрғаны ма?
Күміс сырғасыңғырлайды құлағымда.

Құлағымдасыңғырлайды күміс сырға,
Сыңғыр-сыңғырсыңғырлайды күміс сырға.
Тоқтап қаларсыңғырламай құрғыр сырға,
Шешкен кездеқұлағымнан күміс сырға.

Алып тастапқұлағымнан күміс сырға,
Тақтым оныңорнына алтын сырға.
Болған кездежарқыраған алтын сырға,
Жайында қалдықұрғыр қалған күміс сырға.

Тағып жүрдімсырғаны жалтылдаған,
Тіке қарай алмадыбатыл адам.
Сенсең,сірә,өзқолым қалтыраған
Ұстағанда алтынсырға жалтылдаған.

Алтын сырғақұлағымнан түсіп қалды,
Күмісі де көпұзамай сынып қалды.
Қолым менің жайсырғаны жайлап алды,
Құлағымаүнсіздікпен байқап салды.

Алтынсызда,күміссіз де атар менің таңым да,
Жүргендеймінбақытты боп пейіштің мен бағында.
Көз қадаймынанда-санда сырғамның мен жағына,
Қарай бергімкеледі тағы,тағы,тағы да.

Жай сырға дажайнай алар құлағымда....

Достарға
Достарыма қуаныш пен бақыттарды сыйлаймын,
Олардың тек күлкісі мен нұрлы жүзін жинаймын.
Өмір жолда бақытты боп жүрсін менің гүлдерім,
Достарды мен жамандыққа еш уақытта қимаймын.
Тілеймін тек оларға бақытты,ұзақ өмірді,
Әр уақытта қуанышты,көтеріңкі көңілді.

Қарұлпасындағы тілек.

Қаһаған қыс.
Айналадатым-тырыс.
Ешбір жердекөрінбейді із,жүріс.
Бәрі ұйықтапжатқандай,
Бәрі ұйытқыптұрғандай,
Бірақ бәрі...
Сөздерімді,
Көздерімді
Аңдып,бағып жатқандай...
Келіп қалдымылқау қыс.
Айналадатым-тырыс.
Жапалақтап жауыптұр тек қар аппақ,
Сөйтіп жердіаппақ түске орамақ.
Сөздерімді қарұлпасы ертіп ап,
Жер-жаһанғакіршіксіз ғып апармақ,
Барлық жанныңқұлағына таратпақ
Жапалақтап жауыптұрған қар аппақ.
Сөздерімнен,
Көздерімнен
Мынадай бір үншықты:
«Болсын мәңгіқардай таза әрі ақ
Адамдардың пейілдері аса пәк.»

 
looseДата: Суббота, 05.07.2008, 22:51 | Сообщение # 2
JKTL "B" 2004-09
Администратор
Сообщения: 105
Статус: Оффлайн
Қадірменді халайық! Егер де , сіздердің осындай жан толғарлық шығармаларыңыз болса, бізбен бөлісулеріңізді өтінеміз! biggrin biggrin biggrin
 
madina_tktlДата: Воскресенье, 06.07.2008, 01:53 | Сообщение # 3
Рядовой
FrIenD
Сообщения: 2
Статус: Оффлайн
Алмас,саған мың да бір алғысымды білдіргім келеді!Шынымен де,көңілімді алтын күндей арайландырып,көк төріндей биіктеттің.Ізгілігіңе рахмет!
 
Loveab1eДата: Четверг, 06.11.2008, 13:08 | Сообщение # 4
JKTL "B" 2004-09
Администратор
Сообщения: 78
Статус: Оффлайн
Love you!!! =))

Ты живи для других, и чуть-чуть для себя, и тогда все вокруг будут жить для тебя...

 
Форум » Искусство » Шығармашылығымыз » Шығармашылық бұрышымыз.
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:

Made by Raim a.k.a Loveab1e © 2024