Сайт нашего 2-го дома Суббота, 18.05.2024, 23:09
Приветствую Вас Уважаемый посетитель | RSS
Мини-чат

Наш опрос
Какой у вас выборочный предмет на ЕНТ?
1. Физика
2. Английский
3. Химия
4. Биология
5. Каз.Литература
6. Всемирная История
Всего ответов: 17

Статистика

Online: 1
Unregistered: 1
Registered: 0

Главная » 2008 » Декабрь » 17 » Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!!!
12:50

ЫНТЫМАҚ ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТА ТҮСУ – БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ
Қымбатты отандастар!
Қазақстан тәуелсіздігі – ең алдымен ұлтымыздың ежелден бостандыққа деген асқақ рухының жеңісі.
Азаттық рухы кең көсілген Арқадан кербез Алатауға дейінгі, алтын тамыр Алтайдан кәрі Каспийге дейінгі аралықта ұлан-ғайыр даланың ұлы өркениетін қалыптастырған батыр бабаларымыздың қайсар мінезінен оянған еді.
Осы ерен ерліктер өнегесі тарихи мүмкіндікті мүлт жібермей, біздің бәрімізді тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға жұмылдырды. Тарихымызда тұңғыш рет толық тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бәріміз үшін қуанышы мен қиындығы қатар келген сол кезеңде маған әрқашан біздің қуатты, еркін мемлекетте өмір сүрсек деген ізгі мақсатымыз үнемі күш беріп, қанаттандырып отырды.
Аз уақыттың ішінде біз егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын, мәдени, рухани келбетін бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтердік.Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап жас мемлекетіміздің қаз тұрып қалыптасуына, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткен жетістіктеріне зор үлес қосқан барша қазақстандықтарға, отандастарыма шынайы алғысымды білдіремін.
Ардақты ағайын!
Тәуелсіздіктің он жеті жылында өз қолымызбен жасаған игілікті істерді жоғалтпай, оларды жасампаздықпен жалғастырып отыру – ата-бабалар рухы алдындағы баршамыздың қасиетті парызымыз екенін естен шығармайық.
Сол себепті халықтың бірлігін сақтап, Отанымызда ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу – біздің басты міндетіміз.
Біз ғасырлар тезінен өткен ұлттық рух пен туған тілімізге, дәстүр-салтымызға қамқорлық жасап, бұдан былайғы кезеңдерде де олардың өрісін кеңейте беретін боламыз.
Отанымызды шексіз сүйіп, ел игілігі мен оның дамуы жолында бар күш-қуатымызды аянбай жұмсаймыз деп сенемін.
Алдымызда талай-талай асу-белдер, сын кезеңдер кездесері хақ. Біз ондай қиындықтардан талай мәрте өткенбіз, келешекте де жұмған жұдырықтай бірлесіп еңсеретінімізге кәміл сенемін.
Барша отандастарымды еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбастарыңызға бақыт пен береке, елімізге әрдайым тыныштық берсін.
Астана, 2008 жылғы 15 желтоқсан.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
Просмотров: 1097 | Добавил: loose | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 loose  
0
Біраз ертерек жазуым керек еді . Айыпқа бұйырмассыныз . smile

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Личный кабинет
Здравствуйте: Уважаемый посетитель

Мы рады вас видеть!!! Пожалуйста Зарегистрируйтесь или Авторизуйтесь.

Часы

Друзья сайта

Статистика

Online: 1
Unregistered: 1
Registered: 0

Made by Raim a.k.a Loveab1e © 2024